oC

Бүгін мектебімізде жоспарға сәйкес №1 ұлдар мен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Елубай ұлдар мен қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, сабаққа кешікпеу, форма мәселесі, жалпы мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.Мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Д.Р.Ескожина оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайлы сөз қозғалды.
Сонымен қатар, мектеп психологы сенім телефоны, сенім жәшігі бойынша мәлімет жасады. Сондай-ақ мектеп медбикесі оқушылардың тазалығы мен жалпы гигиена бойынша мағлұмат жасады.
#біртұтас_тәрбие

https://www.instagram.com/p/CwzqF7bNAEf/?img_index=1