oC

📌 Сынып жетекшілер отырысы өтті
Мектебімізде «Досболlike бағдарламасы аясында қауіпсіз қоғам және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында кезекті сынып жетекшілер отырысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
✅ кәмелетке толмағандар арасындағы тәртіп бұзушылықтардың алдын алу;
✅ оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібіне мониторинг жүргізу;
✅ оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
✅ ата-анамен жұмысты күшейту жолдары;
✅ сынып жетекшілерінің тиімді тәжірибелерімен алмасу мәселелері қарастырылды.
Отырыс барысында сынып жетекшілері топтық жұмыс жүргізіп, нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылдады. Алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жалғасын табады.
📚 Бірлескен жұмыс – сапалы тәрбие кепілі!