oC
×

Назар аударыңыз

Lack of access rights - File '/images/328154424_6247111948640344_344299237630736209_n.jpg'

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/npo-atyrau.kz/school25sko.edu.kz/plugins/system/imagesizer/libraries/redim_imagesizer_class.php on line 560

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/npo-atyrau.kz/school25sko.edu.kz/plugins/system/imagesizer/libraries/redim_imagesizer_class.php on line 560

Есеп апталық 2022-2023

Жоспар 2022-2023

2022-2023 кәсіптік бағдар Жоспар

Жоспар


"Грант иегері -2022"

     

    


Кәсіптік бағдар берудің басты мақсаты - әр оқушының қабілеті мен бейімдігін ескере отырып мамандық таңдауға көмектесу. Осындай ұранмен бүгін мектебіміздің 11- сынып оқушылары, оның ішінде педагогика-психология саласына қызығушылық танытқан оқушыларымыз, М.Қозыбаев атындағы СҚУ "Педагогика және психология" кафедрасы ұйымдастырған "КЕЛДІМ, КӨРДІМ, ОЙЛАНДЫМ" атты имидждік-таныстыру квестіне қатысты. Квест ойынында оқушыларды фокус топтарға бөлу арқылы әр оқушыға қолжетімді ақпараттар мен ЖОО түсуге қатысты лайфхактар ұсынылды. Ұйымдастырушы "Педагогика және психология" кафедра ұстаздарына алғысымызды айта отыра, оқушыларымызға алдағы уақытта өтетін ҰБТ сүрінбей өтіп, қалаған маман иесі болуларына ШЫН ЖҮРЕКТЕН тілектеспіз!


Мамандық — бұл адамның қалыпты өмірін жүзеге асырудың негізгі буыны.Мамандық таңдау кезінде Сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді, дағдыларыңызды, қызығушылықтарыңыз бен хоббилеріңізді ескеруіңіз керек. Мамандықты таңдамас бұрын,ол мамандық жайлы толық мәлеметтерді жинап және қазіргі таңда онын рөлін біліп қарастыру керек. Осындай мақсатпен - "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК мен "Гуманитарлы- техникалық колледж" өкілдері келіп оқушыларымызға мамандықтар бойынша ақпаратты ұсынды. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарына жауаптарын ала алды. Болашақ колледж үміткерлеріне сәттілік тілейміз!


Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Елдің дамуы мен ілгері жылжуына кішкене болсын өз үлесін қосам деуші әрбір саналы ұрпақ сол жолда сапалы білім нәрімен сусындауы қажет. Барлығы болмаса да түлектердің белгілі бір бөлігі әскери салада білім алуды қалайтыны анық. Елімізде әскери білім беретін бірнеше оқу орны бар. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы. Академия өкілдері оқушыларымызға құнды ақпараттарымен бөлісіп, оқуға түсу шарттарымен таныстырды. Оқушыларымыздың арасынан болашақ әскери маман иелері мамандығын таңдайтынына, Ел намысын қорғайтын азаматтар мен азаматшалар болатынына БІЗ СЕНІМДІМІЗ!

 


 


"Сенді бір кірпіш дүние тетігін тапта бар қалан" атты кәсіптік бағдар беру апталығы аясында мектебімізге ЖОО-нан өз насихаттау жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты - ата-аналарға, оқушыларға, сынып жетекшілеріне - қандай оқу орнында жеңілдіктер мен гранттар қарастырылған, қандай мамандықтар сұранысқа ие осы сынды сұрақтарға жауап алу. Кешіміздің арнайы қонақтары: «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті»;
- «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі»; -«Гуманитарлы-техникалық колледжі»;
- «Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі»;
- Халыққа қызмет көрсету орталығы;
- СҚО Полиция департаменті «Жедел Криминалискалық басқармасы.
Алдағы уақытта емтиханнан сүрінбей өтіп, қалаған маман иесі болуларыңа шын жүректен тіектеспіз құрметті мектеп бітіруші!


Мамандық таңдау-бұл болашағыңды таңдаумен бірдей десек қателеспейміз. Осы оқу апталығында мектебімізде “СЕНДЕ БІР КІРПІШ, ДҮНИЕГЕ ТЕТІГІН ТАПТА БАР ҚАЛАН” атты апталық өтті. Жоспар бойынша оқушыларымыз мамандыққа қатысты іс-шараларға қатысып өз белсенділіктерін көрсетті. Е.Даутов атындағы “Қызмет көрсету саласы” колледжіне-мектебіміздің оқушыларына “Мамандықтар әлеміне” саяхат жасауға өз мүмкіндіктерін көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/CrDx67KJLgV/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng%3D%3D