oC

Қарашаның 10 күні 1 “Ә” сыныпта математика сабағынан ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы 5 санын қосу және азайту. Оқушылар сабақ мақсатымен таныстырылды. Өткен білімді қайталау мақсатында “Бәйге “әдісі қолданылды. 5 санына байланысты қызықты мәліметтер айтылды. “Математикалық сызғыш “ әдісін қолдану арқылы 5 санын қосу және азайтуға есептер шығарылды. “Білім қоржынына” оқушылар алған білімін жинақтау мақсатында, шығарылған есептерді салды. “Жапондық сергіту сәті” оқушыларға қызықты болды. “Есіңе сақта” айдары бойынша “Балық аулау” әдісі қолданылды. Сабаққа кері байланыс “Аяқ іздері” әдісі бойынша ұйымдастырылып, қорытынды жасалды. Сабақ соңында “Домбыра”, “Бәйтерек” бағалау құралдары қолданылды.