oC

🌿 «Мейірімді қоғам – мықты ел» бірыңғай тәрбие сағаты өтті

Мектебімізде «Мейірімді қоғам – мықты ел» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, ізгілік пен өзара құрметке тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар мейірімді болудың маңызы туралы ой бөлісіп, өмірден алынған мысалдар келтірді. Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, «Мейірім – жүректен» атты тренинг ұйымдастырылды.
Оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, мейірімді қоғам қалыптастырудың әр адамның ісінен басталатынын түсінді.

Іс-шара соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтып, «Мейірімділік ағашына» өз жүрекшелерін ілді.

Мұндай тәрбие сағаттары оқушылардың рухани дамуына, жақсылық пен адамгершілік құндылықтарын бағалауға ықпал етеді. 🌸