Мектебімізде «Әлеуметтік желілер балалардың құқығына қауіп төндіреді» тақырыбында қызықты да мазмұнды дебат ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру, өз пікірін дәлелдермен жеткізе білу дағдысын дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударту.
Дебат барысында қарсы тараптар әлеуметтік желілердің пайдалы және зиянды тұстарын талқылап, балалардың жеке деректерінің қорғалуы, онлайн-буллинг, цифрлық тәуелділік секілді өзекті мәселелерді көтерді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын нақты дәлелдермен қорғай білді. Іс шара соңында оқушылар оқушылар марапатталды.
#СТОПбуллингПетропавловск
#адал_азамат




