📚 «Мектепке бір күн» акциясы өтті! 👩🏫👨👩👧👦
Бүгін мектебімізде ата-аналардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттыру мақсатында «Мектепке бір күн» атты акция ұйымдастырылды.
Акция барысында ата-аналар өз балаларының сабақтарына қатысып, мұғалімдердің күнделікті еңбегімен, оқу барысымен және оқушылардың белсенділігімен танысты.
Мұндай іс-шаралар ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың білімге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
✨ «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс!» деген ұстаныммен өткен шара ата-аналарға үлкен әсер қалдырды.
#БірКүнМектепте
#АтаАнаБелсенділігі
#МектепӨмірі
#Ынтымақтастық




