Мектебімізде «Заң және тәртіп» айлығы аясында салтанатты сап түзеу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы айтылып, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сап түзеу кезінде патриоттық рухтағы өлеңдер оқылып, тәрбиелік мәні зор мазмұнды сөздер айтылды. Бұл шара оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде қабылдауына ықпал етті.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті, тәртіп – табысты қоғамның негізі!
#Адал_азамат
#заңментәртіп⚜️







