📘 «Заңды білу – заман талабы»
Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында 9 «А» сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар:
⚖️ өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алды;
📜 заң талаптарын сақтаудың маңызын түсінді;
🤝 құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі жайлы ой бөлісті.
Тәрбиелік сағатта өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар орындалып, пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді.
🔑 Мақсаты – заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары, саналы азамат қалыптастыру.
#Адал_азамат #заңментәртіп







