oC

2026 жылдың 6 қаңтар күні “Білім берудегі инновациялар: жасанды интеллектті қолдану және әскери-патриоттық құндылықтарды дамыту” атты №3 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңесте білім берудегі инновациялық бағыттар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні оқу үдерісінде қолдану және оқушылардың әскери-патриоттық құндылықтарын дамыту мәселелері қарастырылды. Әскери-патриоттық тәрбие арқылы оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің мұғалім жұмысына көмекші құрал ретіндегі тиімді әдістері мен тәжірибелері ұсынылды. Кеңес барысында І жартыжылдықтың қорытындысы жасалып, мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуы, пәндер бойынша білім сапасы және мұғалімдер рейтингі сараланды. Алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, нақты ұсыныстар берілді.