Бүгін мектебімізде, яғни 4 - қыркүйек күні 0-11 сыныптар аралығында «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» атты адалдық сағаттары өтті. Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, әділдік пен сенімділікке тәрбиелеу болды. Сабақ барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. Түрлі жағдаяттарды талдап, адалдық пен арамдықтың, әділдік пен әділетсіздіктің ара жігін ажыратты.
#адалдықсағаты
https://www.instagram.com/p/CwxY4CPtp3F/?img_index=1