oC

Биылғы оқу жылында "Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп" табалдырығын 86-оқушы аттады.Қазіргі таңда оқушылардың бейімделу деңгейі қалыпты жағдайда десек болады.Мектепке келу- әр баланың өміріндегі өтпелі кезең екенін білеміз. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді,осы орайда балалармен қолданылатын барлық әдіс-тәсілдер ойын формасында өтеді. Ата-аналарға кеңес: Балаңызға керек нәрсенің ең маңыздысы бұл сіздің ықыласыңыз.
Шыдамды болыңыз: оның мектеп туралы айтқан әңгімелерін зейін қойып тыңдаңыз, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз.
Есіңізде болсын: сіз үшін қанша маңызды емес нәрсе, сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз үшін сол күнгі толқуға толы оқиға болып шығуы мүмкін.
Балаңызды зейін қойып тыңдаңыз: сонда балаға сіздің қандай көмегіңіз керектігін, мұғаліммен не туралы сөйлесу керектігін, сіз онымен мектеп жанында қоштасқаннан кейін баламен шын мәнінде не болатындығын түсіне аласыз.
Оқушыға әкенің де, ананың да ықыласы қажет: оған үй тірліктерімен, теледидар қараумен , компьютер ойнаумен араластырмай, арнайы ол үшін уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Есіңізде болсын: “Балаңыз теріс қылықтар жасап, махаббатқа лайық болмаған кезде, аса зәру болатыны –сіздің махаббатыңыз, сіздің мейіріміңіз”
Егер бала сіздің оның істеріне, жұмыстарына көңіл бөлгеніңізді көрсе,ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

 

https://www.instagram.com/p/CxXvnz2tcgJ/