Бүгін мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Балалардың көзімен құқықтар» тақырыбында облыстық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті.
Шараның арнайы құрметті қонақтары:
Байтенизова Дариға Армановна – Петропавл қаласының криминалисі, полиция лейтенанты.
Досмұқанов Мирас Магзумович- қару-жарақ және атыс кафедрасы, ӘРАҚ циклінің оқытушысы майоры.
Уразалинова Ляззат Мурзагалиевна – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы,
полиция майоры.
Мустафина Жанат Жаксылыковна - Петропавл қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция бөлімшесінің бастығы.
Қонақтар оқушылармен ашық әрі әсерлі әңгіме жүргізіп, құқық пен міндет, қауіпсіздік, буллингтің алдын алу және заң аясындағы жауапкершілік туралы нақты мысалдармен бөлісті.
🗣️ Іс-шара соңында оқушылар қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай кездесулер – болашақ саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын жолы!
#АдалАзамат #құқықтәрбиесі