oC

Бүгін мектебімізде Отбасы күніне орай көңілді әрі пайдалы отбасылық спорттық «Толағай» сайысы өтті.
Бұл шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылардың бірлігін нығайту және спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Бұл сайысқа мектебіміздің 5-6 сынып ата-аналары мен оқушылар белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
🤸‍♂️ Жарыс барысында түрлі эстафеталар, көңілді ойындар мен командалық тапсырмалар орындалып, нағыз мерекелік атмосфера қалыптасты.
👨‍👩‍👧‍👦 Әр отбасы өз күшін, ептілігін, бірлігін дәлелдей білді.
✨ Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Бұл сайыс – отбасы арасындағы татулықты арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын дәріптеудің де тамаша үлгісі болды!
#ОтбасылықСайыс #СалауаттыӨмірСалты #БірлікПенЖеңіс #adal_azamat 

https://www.instagram.com/p/DOgMVQBDY00/