Қыркүйектің 10-шы жұлдызында, «Ә. Бөкейхан атындағы №25 жалпы орта білім беретін мектепте» сыныпішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата-ананың тығыз байланысын орнату, оқушылардың оқу-тәрбие процесіне ата-аналарды белсенді тарту.
Жиналыс барысында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасының мәні түсіндіріліп, оны жүзеге асыру жолдары айқындалды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының оқу-тәрбие бағытындағы мақсат міндеттері және ішік тәртіп ережелері таныстырылды.
Ата-аналар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша пікірлер айтылып мектеп ұсынған оқу-тәрбиеге қатысты іс-шараларға қолдау көрсетілетіні айтылды. Жиналыс барысында тақырыпқа сай пікірталас, тренинг, сұрақтар қойылып, кейбір ата-аналар өз отбасының тәжірибесін ортаға салып, балаларға үлгі болатындай мысалдар келтірілді.