📌 Бүгін, қыркүйектің 12-ші жұлдызында Тілдер апталығы аясында ұлы жыр жампозы, халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысы өтті. 🎤✨
Бұл іс-шарада жас ақындар суырыпсалмалық өнерін паш етіп, Жамбыл атамыздың жыр дәстүрін жаңғыртты. 🌿
Айтыс думаны жоғары деңгейде өтіп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, кеш барысында күмбірлеген күй де шырқалып, үздік күйшілеріміздің өнері көпшіліктің көңілінен шықты. 🎶✨
Мектеп директоры қатысушыларды марапаттап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. 🏅👏
Осындай тағылымды өнер мерекесін ұйымдастырған Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ерқанат Қуанышбекұлы мен Айгүл Амангелдіқызына алғыс айтамыз! 🌹
https://www.instagram.com/p/DOgZHwhCB8o/