Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 2-қосымша Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 бұйрығымен.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңестің құрылуы және оның құрамына ұсыныстарды қабылдануы туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес - білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады, оның қызметін және дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Құрметті ата-аналар! Сіздердің қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз !
ØҰсыныстарыңыз 27.09.2023 ж дейін қабылданады.
vҰсыныстар «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ- де келесі мекен-жайда қабылданады: Петропавл қаласы, И.Залманова 46/1 ғимарат, қабылдау бөлімі 1 қабат
üБайланыс телефоны: 87152 50-48-04
üДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Елубай: 87770975088
Эл.пошта:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.