📚🌟 Әлихан Бөкейхан атындағы №25 мектепте 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушылары үшін қуанышты әрі мәнді мереке өтті!
Білім жолына енді ғана қадам басқан кішкентай оқушылар Әліппемен қоштасу салтанатын атап өтті 🅰️📖
🎉 «Рақмет, саған Әліппем!» атты ертеңгілікке ата-аналар мен ұстаздар жиналып, бүлдіршіндердің өнерін қызыға тамашалады.
🎯 Ертеңгіліктің негізгі міндеттері:
📌 Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, тіл байлығын арттыру
📌 Әліппе бойынша алған білімдерін бекіту
📌 Балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту 🎨🎤
📌 Отанға, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру 🇰🇿❤️
👩🏫 1-сынып жетекшісі Мусина А.О. 4 ай бойы тынымсыз еңбек етіп, оқушыларға әріп танытып, сауатты оқуға, еркін сөйлеуге баули отырып, тамаша нәтижеге қол жеткізді 👏✨
💐 Мектеп директоры Хасенова Жулдуз Колымжаевна мен ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, ұстаз еңбегіне зор алғыстарын айтты.
📖 Әліппе — білім әлеміне апарар ең алғашқы баспалдақ! 🌈







