Кеше мектебімізде бастауыш сыныптар арасында спорттық ата-аналар лигасы өтті! Іс-шара ата-аналардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жарыс барысында ата-аналар ұйымшылдық пен спорттық рухтың жоғары үлгісін көрсетті. 🤝 Мұндай шаралар мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балаларға спорттың маңызын үлгі арқылы жеткізеді. ⚽🏀 Бірлік бар жерде – жеңіс бар! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!







