oC

Мектебімізде «ЭнергияҮнемдеу» атты 7-8 сыныптар арасында танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға энергияны тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушылар энергияны үнемдеудің маңызын түсініп, электр қуатын, суды және жылуды тиімді пайдаланудың қарапайым әрі пайдалы жолдарымен танысты. Танымдық сағаттар оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталды.
Энергияны үнемдеу – бүгінгі күннің талабы, болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет.
#ЭнергияҮнемдеу
#ҚуатҮнемдеу
#ЭкологиялықМәдениет
#ТабиғаттыҚорғау
#ТазаҚазақстан