oC

📘 Ашық сабақ: “Теңдеулерді шешу”
8 «Б» сынып | Алгебра

10 желтоқсан 2025 жылы математика пәні мұғалімі А. С. Достанова 8 «Б» сыныбында «Теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ «Квадрат теңдеулер» бөлімі бойынша жоспарланған КМЖ негізінде ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар:
✨ квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешуді үйренді;
✨ қосымша айнымалы енгізу тәсілін қолданды;
✨ Wordwall платформасы арқылы өткен тақырыпты қайталап, дискриминантқа қатысты білімдерін бекітті;
✨ жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.
🔎 Практикалық тапсырмалар барысында оқушылар өз шешімдерін дәлелдеп, дескриптор бойынша өзін-өзі бағалау дағдыларын да көрсетті.
💡 Сабақ соңында рефлексия арқылы әр оқушы өз алған білімін саралап, «Бүгін мен…» деген тіркестермен ой бөлісті.
📚 Сабақ мақсаты толық орындалып, оқушылар белсенді, қызығушылықпен жұмыс жасады.

#ашқсабақ #алгебра #8сынып #квадраттеңдеу #КМЖ #бүгінгісабақ #мектепөмірі #ұстаздарәлемі