Мамлют ауданында өткен облыстық Асық ату чемпионатында 30 команданың арасынан оза шапқан сұрмерген Бостан Ерқанат Қуанышбекұлы өз шеберлігін дәлелдеп, I орынды қанжығасына байлады.
Бұл жетістіктің артында жас спортшының табандылығы ғана емес, оны баптап, әрбір қадамын жіті қадағалап, ұдайы демеу болып жүрген білікті жаттықтырушысы — *Таев Самат Маратұлының* ерен еңбегі тұр.
Самат Маратұлы – жас таланттарды шыңдауда ерекше әдісімен, талап қоя білетін қаталдығымен қатар, жігерлендіре алатын тәлімгерлігімен танылған майталман маман. Оның адами болмысы мен кәсіби шеберлігі Ерқанаттың жеңісіне даңғыл жол ашып, спортшының өзіне деген сенімін арттыра түсті.
Осылайша, бапкер мен спортшының бірлігі мен еңбектің нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізілді. Құттықтаймыз!!!👏👏👏







