Сізді “Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2025” республикалық конкурсына қатысып, мол тәжірибе жинақтап, мектебіміздің мәртебесін арттырып келгеніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік 20 ұстазбен бір алаңда сайысқа түсу — үлкен жетістік. Ал сол мықтылардың арасынан 12-орын иеленуіңіз – сіздің кәсіби деңгейіңіздің, жауапкершілігіңіздің және шынайы еңбегіңіздің дәлелі. 🔥👏
📍18–21 қараша күндері Щучинск қаласындағы Балдаурен орталығында өткен бұл байқауда еліміздің барлық өңірінен жиналған мұғалімдер білімін, білігін, тәжірибесі мен әдістемелік шеберлігін сынға салды. Сіз сол алаңда өз мүмкіндігіңізді жоғары деңгейде көрсетіп, абыроймен оралдыңыз.
Сізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен кәсіби шабыт тілейміз!
Республикалық деңгейде өнер көрсету — өз алдына үлкен мәртебе. Мықтысыз! 🙌
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар, оқырмандар
1 аптаға созылған байқау барысында демеу көрсеткен, қолдау білдірген баршаңызға шынайы алғыс айтамыз. Бірлік — үлкен күш!
Барлықтарыңызға мың рақмет! 🫂✨







