oC

Біздің мектебімізде ерекше, көңілді әрі бірлікке толы *Ата-аналар спорттық лигасы* бастау алды!
Бұл лига - ата- аналардың өзара танысып, балаларға үлгі болып, спорт арқылы белсенді өмір салтын насихаттайтын тамаша мүмкіндік.
Ата-аналар спорттық лигасының маңызы жоғары, себебі ол тек спорттық жарыс емес, мектеп, ата-ана және бала арасындағы байланысты нығайтатын әлеуметтік әрі тәрбиелік жоба. Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп, әртүрлі сыныптан, әртүрлі жастағы ата-аналар бір командаға бірігіп, жаңа таныстықтар мен достық қарым-қатынастар орнатады. Белсенді іс-шаралар - мектептің позитивті атмосферасын көтеріп, ұйымшылдықты арттырады деген сенімдеміз.
#АтаАналар лигасы
#МектепСпорты
#Адал_азамат