18 қараша күні биология пәнінің мұғалімі Оспанова Асемгуль Ерсаиновна 8 «Б» сынып оқушыларына «Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар тудыратын ауруларды анықтау, олардың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру. Сабақ барысында түрлі тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтқанда: заманауи жасанды интеллект құралдары, слайд материалдары, «LearningApps» платформасы арқылы жіктеу тапсырмалары, интербелсенді «Принтер», «Мерген» ойыны, кейс әдісі, функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар жеке және жұптық форматта белсенді жұмыс жасап, тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Бағалау үдерісі сабақ бойы өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асырылып, сабақ соңында қорытынды жасалып, кері байланыс берілді. Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысып, жаңа білімді меңгергендері байқалды.







