oC

Мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Алматы менеджмент университеті, Жоғары құрылыс экономикалық колледжі, CAP education бағдарламалау мектебі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты — оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, әр бағыттың ерекшеліктерімен таныстыру және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру болды.

Қонақтар өз салалары бойынша маңызды деректермен бөлісіп, мамандықтың қыр-сыры, жұмыс мүмкіндіктері, қажетті қабілеттер мен талаптар жайлы түсіндірді. Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың болашаққа сенімді қадам басуына, кәсіби бағдарын айқындауына үлкен ықпал етеді.
Мектебіміз бен оқушыларымызға қолдау көрсеткен мекеме өкілдеріне алғыс білдіреміз!