oC

**Ерекше форматағы ата-аналар жиналысы өтті 📚**

Мектебімізде 6.11 күні бастауыш сыныптарда және 5-6-7 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Келесі күні 7.11 онлайн форматында мектепішілік және 8,9,10,11 сыныптардың ата-аналар жиналысы өткен болатын.
Жиналыс барысында әр ата-ана өз баласының үлгерімі мен тәртібі туралы толық ақпарат алу мақсатында әр пән мұғалімімен жеке кездесіп, пікір алмасты.
Мұндай формат ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ мектеппен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы мен баланың дамуына ата-ананың ықпалы туралы ақпарат берілді. Кері байланыс жасалып, ата-аналар оңтайлы пікір білдірді.
Жиналыс өзара пікір алмасу және тиімді ынтымақтастық рухында өтті. 👨‍👩‍👧‍👦

#Мектепөмірі #АтаАнаменБайланыс
#АтаАнаЖиналысы
#БірлескенЖұмыс
#Ынтымақтастық
#Адал_азамат