oC

15.10 күні 8 б сыныбында ағылшын тілінен “I love Weekend” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты Демалыс тақырыбында сөздерді игеріп қолдану арқылы осы тақырыпта диалог құру, сұрақтар құрастырып, оған жауап беру, STЕАМ технологиясы бойынша “ Керемет Демалыс “ құрастырып, оның диаграммасын салу, жасанды интеллект арқылы өткен демалыстағы көріністі суреттеп, оны видеоға салып жандандыру, Синквейн жазып SUNO AI арқылы ән шығару. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды жақсы орындады