-
2025 жылдың 10 қазанында Қостанай қаласында "ДИФКИС" дене шынықтыру және спорт бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау оқушылардың дене шынықтыру саласындағы зерттеу қызметін насихаттау және ынталандыру мақсатында өткізілді. Аталмыш байқауға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Мұхамедқали Алишер қатысып, "Дене шынықтыру: зерттеу, қодану" номинациясының иегері атанды. Конкурста ғылыми жетекшілік көмек көрсеткен мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жунусов Бейбіт Хасеновичке арнайы сертификат табыстылды. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтай отыра, алдағы уақытта да толғай табыстар тілейміз!🙌🏻







