oC

2025 жылдың 10 қазанында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2025» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Байқауды өткізу шарттары бойынша қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс:
«Креативті педагог» - мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің тұсаукесері;
«Қазіргі заманауи дене шынықтыру сабағы» - дене шынықтыру сабағын өткізу»;
«Үздік спорттық-бұқаралық іс – шара» - спорттық іс-шараның тұсаукесері.
Аталмыш байқауға мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Акаев Марат Серикович қатысып, жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алып отыр. Ұстазымызды шын жүректен құттықтай отыра, келесі кезеңнен де сүрінбей өтуіне тілектеспін!