oC

МІБ сәйкес тәлімгерлер ашық сабақ беруде. 8 қазан күні физика пәнінің мұғалімі Ережепова Алтынай Тураровна ашық сабақ өткізді.
📘 Тақырыбы: «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»
🎯 Мақсаты: қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру және білімдерін белсенді қолдану үшін «Миға шабуыл» және «Ой қозғау» әдістері қолданылды.
💡 Жеке және жұптық жұмыстар ұйымдастырылып, өмірмен байланысқан деңгейлік есептер шығарылды.
Сабақта заманауи цифрлық ресурстар мен интерактивті тапсырмалар кеңінен пайдаланылды.
📲 Оқушылар нақты өмірлік жағдайларды талдап, «Өз ойыңды білдір...» әдісі арқылы пікір білдіріп, есептерді талқылап шешім шығарды.
Осындай сабақтар арқылы оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырумен қатар, ойлау, талдау және өз ойын еркін жеткізу дағдылары дамиды.