oC

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
1 маусым мектебімізде тағы бір оқу жылының аяқталғанын хабарлаған Соңғы қоңырау соғылды.
Биылғы оқу жылында 19 түлек мектеппен қоштастасып, асқақ армандарымен үлкен өмірге қадам басады. Түлектер қатарында Байбурина Дария, Қайнолла Арайлым, Шайпина Жұлдыз, Бекжанова Анель ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер.
Соңғы қоңырау мерекесі барысында мектеп директоры Тұрсынова Сауле Нұрғалиқызы жыл қорытындысы бойынша “Жыл сыныбы”, “Жыл сынып жетекшісі”, “Жыл оқушысы”, “Жыл өнерпазы”, “Жыл спортшысы”, “Жыл мұғалімі”, “Жыл жас мұғалімі” номинацияларының жеңімпаздарына, ата-аналар лигасы бойынша ата-аналарға дипломдар мен кубоктар табыс етті. Мектеп бітірушілерге арнаған сөзінде Сауле Нұрғалиқызы түлектерге алға қойған мақсатқа жетуде табанды болуды тіледі.
Соңғы қоңырау салтанаты ұстаздар мен ата-аналардың тілек сөздерімен, түлектердің мектебі мен ұстаздарға арнаған алғыс-жолдауларымен, сынып жетекшісі Сандуғаш Жұмабекқызының шығармашылық құттықтауларымен, дәстүрлі мектеп вальсімен жалғасты.
Соңғы қоңырау соғу құрметі 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы, «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» ұйымдастырған «ОлиМикс» «Техникалық шығармашылық шеберлігі чемпионатының» қатысушысы, қалалық ағылшын тілі пәні олимпиадасының 3-ші орын жеңімпазы Ташев Ильяс, Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңінің 3 дәрежелі диплом жүлдегері, 8 - 11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінің 1 орын иегері, Жас тарихшылардың үшінші республикалық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсының қалалық кезеңінде «Менің туған өлкем» номинациясының 2 орын иегері Шайпина Жұлдыз және 1-сынып оқушылары Жанбулатова Аруна, Бақытжан Алдиярға берілді.
2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы жариялап, сыңғырлай соғылған Соңғы Қоңырау осылайша түлектерді жарқын болашаққа, мектеп оқушыларын көңілді каникулға шақырды.

 

https://www.instagram.com/p/Cs_Anmss9EV/