oC

2 маусымнан бастап барлық 9-сынып түлектері үшін қорытынды емтихандар басталды.
Мектебімізде 49 тоғызыншы сынып оқушылары бар, оның ішінде 2 оқушы Үздік аттестатқа үміткер. Қорытынды аттестаттау "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 9-сынып түлектері барлығы 4 емтихан тапсырады, оның үшеуі 3-і міндетті түрде тапсыратын (оқыту тілі, математика, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ таңдау пәні).
Емтихандар 2 маусымнан 13 маусымга дейін созылады.
Барлық 9-сынып оқушыларына сәттілік тілейміз! Өз білімдеріңізге деген сенімділік және тамаша бағалар тілейміз!