Шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: 8-11 сынып оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б. қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу. Шығармашылық әлеуетін шыңдағысы келетін, өнер мен әдебиетті сүйетін жастарға арналған бірегей алаңға оқушыларымыз қатысып, Асқарқызы Ділназ “Эссе жазу” номинациясы бойынша 3 орын иегері атанды. Жетекшісі Сандуғаш Жұмабековна. Берік Гауһар “Көркемсөз оқу” номинациясында 3 орынды иеленді. Жетекшісі Айгүл Амангельдиновна. Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!







