oC

Мектебімізде 5-17 қыркүйек аралығында тілдер онкүндігі аталып өтті Онкүндіктің басты мақсаты – мемлекеттік тіл мен өзге тілдерді құрметтеу, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.
Тілдер онкүндігінің аясында түрлі көрмелер, дөңгелек үстел, кештер, байқаулар, сахналық қойылымдар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.
Абай атамыздың 180 жылдығына орай көркемсөз оқу сайысы, Жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығына арналған айтыс өнері де өткізілді.
Барлық іс-шаралар мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқушыларымыз үлкен белсенділік танытты.Бұл онкүндік тілге деген құрметтің, достық пен ынтымақтың мерекесіне айналды.

👏 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!