«Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ұжымы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауын тамашалауға қатысты.
Жолдау – бұл мемлекеттің алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды бағдарлама.
Үндеуді тыңдау еліміздің барша халқы үшін және әсіресе, ұстаздар қауымы үшін маңызды оқиға – ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарымен, ел дамуының басымдықтарымен және білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттермен таныстырады. Елбасы әрдайым ұстаздардың рөлін жоғары бағалап, білім сапасын арттыру, мұғалімдердің мәртебесін көтеру, жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өтеді. Елбасы Жолдауы мемлекеттік бастамаларды жүзеге асырудағы мұғалімдердің жауапкершілігін арттыруға және әрбір ұстаздың азаматтық ұстанымының туындауына ықпал етуде.
Жолдау ел болашағына үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтін маңызды құжат екені атап өтілді. Қатысушылар Жолдауда айтылған тапсырмалар мен бастамаларды қолдайтынын білдірді.
#адалазамат





