2025 жылдың 5 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектепте Тілдер апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, оқушыларды тіл байлығын құрметтеуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу болды.
Салтанатты ашылу жиынында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, тілдің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, би биледі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерқанат Қуанышбекұлы ұлы ақын, ғұлама Абай Құнанбайұлының образына кіріп, өлеңін оқыды. Салтанатты жиынның соңында апталықтың жоспары таныстырылып, апталық барысында өтетін іс-шаралармен оқушылар хабардар етілді. #тілдерапталығы





