2025 жылдың 20 тамызында өткен “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбындағы облыстық тамыз конференциясында мектебіміздің еңбек пәнінің мұғалімі Саткенова Ботагөз Хамитқызы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар, ол қатысушыларға арналған “Таңғажайып алаң” атты ұлттық қолөнерге байланысты қызықты викторина өткізді.
Аталмыш іс-шараға “Аламан құрақ – 2025” байқауына қатысып, Дүниежүзілік рекордтар кітабына енген өнерлі оқушымыз Ертерек Мөлдір де өз туындыларымен қатысып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.





