Мектеп кітапханасында 2025ж. 7 мамыр күні 4 «А» сыныбында квест ойыны «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» ұйымдастырылды. Тәрбиелік мәні зор, мазмұнды іс-шара болды. Ол оқушыларды отансүйгіштікке, бірлікке және өткенді ұмытпай, батырлардың ерлігін қадірлеуге үйретеді.Тапсырмалар тарихи сұрақтар, логикалық ойындар, мәтінмен жұмыс және батырлардың өмірінен алынған деректерге негізделді. Әрбір кезеңде оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Ойын барысында командалар ынтымақтастықта жұмыс істеп, белсенділік танытты.