Жетістікке толы жаңалық!
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары "Ескендір Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі" КММ ұйымдастырған "Жас шаштаразшы" атты Junior Skills байқауына қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
✨ 9 "А" сынып оқушысы Жандусова Адина — "Ғажайып шаш үлгісі" номинациясына қатысып, ерекше сәнділігімен көзге түсті.
💄 9 "Б" сынып оқушысы Темірболат Алия — "Кешкі макияж" номинациясына қатысып, өз қолтаңбасын қалдырды.
📜 Екі оқушы да қатысушы сертификаттарымен марапатталып, мектебіміздің абыройын асқақтатты!
👏 Қатысушыларымызға жарқын болашақ, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DJpDkhIvYyy/?img_index=1