"БАУЫР FEST!" – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ!
Бүгін мектебімізде ерекше жылулық пен мейірімге толы "Бауыр FEST!" атты Отбасы күніне арналған тамаша мерекелік іс-шара өтті!
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы арасындағы берік байланысты нығайту, оқушы мен ата-ана арасындағы сенімді арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
"БАУЫР FEST!" іс-шарасының қатысушылары:
-Токушевтар отбасы;
-Ербол отбасы;
-Есім отбасы;
✨ Бағдарлама аясында:
— Бауырлар қатысқан отбасылық эстафеталар,
— Бауырлар арасында командалық тапсырламар,
— «Өнерліміз БІЗ» атты өнерлер сайысы,
— Психологиялық ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды.
Барлық қатысушылар өзара тығыз байланыс орнатып, естен кетпес әсер алды. Осындай жылы жүздесулер отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын тереңдете түседі. Әр отбасы ерекше номинациялармен марапатталды!
#15мамыротбасыкүні
https://www.instagram.com/p/DJrD89qTriw/