15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай қалалық саябақта "Отбасы атынан – ағаш егу" атты экологиялық-отбасылық науқан ұйымдастырылды. Аталған шараға Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп атынан көп балалы, үлгілі Есімдер отбасы белсене қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың экологиялық тәрбиесін күшейту, сондай-ақ табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлықты қалыптастыру.
Есімдер отбасы ағаш отырғызу арқылы табиғатқа сүйіспеншілігін және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Отбасы мүшелерінің айтуынша, мұндай игі бастамалар балалар бойында еңбекқорлықты, бірлік пен татулықты, қоршаған ортаға деген жанашырлықты тәрбиелейді.
Мектеп әкімшілігі Есімдер отбасына белсенді азаматтық ұстанымы мен тәрбиелік маңызы зор шараға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Табиғатты аялау – ортақ міндет. Ағаш егейік – өмір егейік!
https://www.instagram.com/p/DJskMrbvp8i/?img_index=1