18 маусым 2025 г. 01:38:04
oC

 2025 жылдың 16 мамыр күні мектебімізде 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша «Бала қауіпсіздігі – басты құндылық» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып, мектептің жетістіктерімен бөлісу және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдарын таныстыру болды.
🛡 1. Бала қауіпсіздігі – басты назарда!
Жиналыс барысында алғашқы болып сөз алған Петропавл қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Аяпбергенова А.Е. оқушылардың жазғы уақытта қауіпсіз жүріс-тұрысы жайында баяндама жасады.
Инспектор оқушылардың түнгі уақытта ата-анасынсыз көшеде жүруіне жол бермеу, терезе қауіпсіздігін сақтау, суда шомылу кезіндегі ережелер, жолда жүру тәртібі, өрттің алдын алу шаралары туралы нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңестер берілді.
🏆 2. «5 жылдық белес – бірлікпен жеткен жетістік»
Келесі кезекте мектептің соңғы 5 жылда жеткен оқу-тәрбие бағытындағы жетістіктері туралы мектеп директорының орынбасарлары Зулкарнаева Ж.Т. мен Сералина Ж.Е. мазмұнды баяндама жасады.
Олар оқу үлгерімі, ұлттық және халықаралық олимпиадалардағы жетістіктер, ғылыми жобалар, патриоттық тәрбие, сыныптан тыс іс-шаралар мен жобалар жөнінде толық мәлімет беріп, бірлікпен, ынтымақпен қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды.
☀️ 3. Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдары
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Елубай Г.А. мен әлеуметтік ұстаз Жакупова Б.Е. оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жоспарланған іс-шаралармен таныстырды.
Олар келесі жобалар бойынша кеңінен ақпарат берді:
🎉 «Көңілді жаз - 2025» сауықтыру алаңы
🏕 «Этноауыл» жобасы
🗣 Дебат мектебі
🌐 Тілдер мектебі
🪖 Әскери-патриоттық мектеп
👶 «Балақайлар» мектебі
🥇 Олимпиадалық резерв мектебі
🌿 «Жасыл желек – жердің көркі» атты еңбек тоқсаны

https://www.instagram.com/p/DJvg2g4okl-/?img_index=1