oC

16 мамыр күні оқу жылының қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы – «Бала қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі».
🔹 Күн тәртібіндегі мәселелер:

1️⃣ Топтық жұмыс: «Бала қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар мен мұғалімдер арасында ашық пікір алмасу өтті. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әр тараптың рөлі, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі талқыланды.

2️⃣ «Жыл қорытындысы: Жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер» бөлімінде сынып оқушыларының оқу жетістіктері, қатысқан жобалары мен байқаулары таныстырылды. Ата-аналар балаларының жыл бойғы жетістіктеріне куә болды.

3️⃣ Ата-аналар комитетінің есебі тыңдалды. Комитет өкілдері бір жыл көлемінде атқарылған іс-шаралар туралы есеп беріп, келесі оқу жылына арналған жоспарлармен бөлісті.
🔸 Жиналыс нәтижесінде ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тағы бір көз жеткізіп, өзара түсіністік пен қолдаудың бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.
👨‍👩‍👧‍👦 Бала – ортақ байлығымыз. Оның амандығы мен дамуы – бәріміздің жауапкершілігіміз!

https://www.instagram.com/p/DJvjfKiv4nI/?img_index=1