Ағымдағы жылдың 15 мамырында Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДИФКИС» (Дене шынықтыру мен спорт бойынша балалардың зерттеулері) республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурс оқушылардың дене шынықтыру саласындағы зерттеу қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелер үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасау; дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; дене шынықтыру педагогтерінің инновациялық қызметін ынталандыру және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, дене шынықтыру бойынша зерттеулер саласындағы үздік инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау және кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мұхамедқали Алишер қатысып, жүлделі 1 орын иегері атанды. Қоса кетейік, Алишер аталмыш конкурсытың қалалық кезеңінде де жеңімпаз атанған еді. Алишердің жетекшісі мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жунусов Бейбіт Хасенович. Алишер жеңімпаз атанып қана қоймай, Қостанай қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алып отыр. Алишер мен жетекшісін құттықтай отыра, сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DJ0k-_KvXHZ/?img_index=5