oC

Көктем – табиғаттың жаңарып, жасарып, өмірге қайта оралатын уақыты. Жыл сайын осы мезгілде елімізде маңызды экологиялық шара – «21 сәуір – бүкіл Қазақстан бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы және "Қамқор" жобасы аясында "ағаш отырғызу күні» өткізіледі. Бұл бастама – табиғатқа қамқорлықтың нақты көрінісі.
Осы атаулы күнге орай Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп түлектері игі іске өз үлестерін қосты. Олар мектеп ауласында ағаш отырғызып, туған мектебіне жасыл естелік қалдырды. Сонымен қатар, ерекше әсерлі әрі терең мағыналы "Болашаққа хат" психологиялық техникасы ұйымдастырылды. Бұл – оқушылардың өз армандары мен мақсаттарын болашаққа бағыттап жазуы арқылы ішкі мотивациясын арттыруға бағытталған мәнді шара.
Осындай бастамалар – болашақ ұрпаққа қалдырар жарқын із, табиғатты аялаудың үлгісі. Іс-шараға қатысқан мектеп түлектеріне және ата-аналар қауымына алғысымызды білдіреміз!

Видео https://www.instagram.com/p/DIvYypuTqNv/