Мектеп қабырғасында "Бірге оқимыз" жобасы аясында 23 сәуір Ұлттық кітап күні мерекесі аталып өтілді. Мектеп кітапханасы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып 8"а" сынып оқушыларымен Ұлттық кітап күніне арналған кітапханалық сағат өткізді. Оқушыларға Солтүстік Қазақстан өңірінің белгілі ақын-жазушылардың шығармалары туралы мәлімет айтылды. Сонымен қатар "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты кітап көрмесінен көптеген әдебиеттер тізімімен таныс болды. "Ұлттың рухы - кітапта" демекші кітапты бағалайық, қастерлейік!
#Ұлттықкітапкүні
#Балакөзімен
https://www.instagram.com/p/DIygrBlz5qh/