oC

Бүгін мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік жиын болып өтті. Бұл ерекше шараға 1-10 сынып оқушылары белсене қатысты.
Мерекелік жиынның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің татулығын, бірлігін, достығын дәріптеу, оқушыларды ұлтаралық келісім мен ынтымақты бағалауға тәрбиелеу болды. Жиын барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі ұлттардың салт-дәстүрін, ұлттық киімдерін, әндері мен билерін көрсетті.
Мектеп директоры С.Н.Тұрсынова өз құттықтау сөздерінде бірлік пен татулықтың ел болашағы үшін маңызын атап өтіп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Бұл мерекелік іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятып, еліміздегі ұлтаралық татулықтың қадірін түсінуге ықпал етті. «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деген ұлағатты сөздің мәні тағы да бір дәлелденген күн болды.

Видео https://www.instagram.com/p/DJEex_sN_kd/