1 мамыр күні қаламыздың көрікті саябағында ерекше әрі тәрбиелік мәні зор шара — «Құстарға ұя сыйла» атты экологиялық акция өтті. Бұл игі бастама балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Акция аясында қала мектептерінің оқушылары жиналып, қанатты достарына өз қолдарымен жасаған ұяларын тарту етті. Әрбір ұя – баланың жүрегінен шыққан жылылық пен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің белгісі іспетті.
Аталған шараға біздің мектебіміздің мақтаныштары, 7 «Б» сынып оқушылары Ерік Мадияр мен Айтмағамбет Мадияр да белсене қатысты. Олар еңбек пәнінің мұғалімі Некибаев Б.Қ. бірлесіп, үлкен жауапкершілікпен жасаған ұяларын ағаш бұтақтарына іліп, құстарға жайлы мекен сыйлады.
Бұл акция оқушылар үшін табиғатқа қамқорлық жасау, оны қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау сынды асыл құндылықтарды бойға сіңіруге таптырмас мүмкіндік болды. Шара барысында балалар экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің маңызын түсінді.
Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ парызымыз. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық қалыптасары сөзсіз.
https://www.instagram.com/p/DJJhFestb5b/?img_index=1