Мектеп кітапханасында 10”ә” сынып оқушыларымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған “Ұранды елдің ұрпағы қайсар” атты дөңгелек үстел өтті. Оқушыларға Отан қорғаушылар күні мерекесі жөнінде түсінік берілді. Ұлы Отан соғысы туралы айтылып, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктері туралы сөз қозғалып, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отан қорғауға, батыл да ержүрек болуға үйрету туралы сөз етілді. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Сабақ соңында оқушылар мереке қарсаңына орай жылы лебіздерін білдірді.
https://www.instagram.com/p/DJRL1VLtLF_/